Жыл сайын желтоқсан келсе болды, көзімізге жас, көкірегімізге өксік келеді. Қыстың қақаған аязында иық тіресіп, шашылған мұздай су мен тепкінің астында қалған қатарластарымыз еш көз алдымыздан кеткен емес. Мұны желтоқсаншылар Сарыағаш ауданы әкімінің қабылдауында айтты. Сондай-ақ аймақ басшысы Арман Абдуллаев оларға зор ықыласын жеткізіп, алғыс білдірді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Сағындық Ислам