
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің нығаюы әр азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігіне байланысты. Құрылтай депутаттарын сайлау – халықтың өз пікірін білдіріп, елдің қоғамдық өміріне қатысуына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс.
Бұл сайлау арқылы азаматтар елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Құрылтай депутаттары халықтың ұсыныстары мен бастамаларын көтеріп, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін іздеуге атсалысады. Сондықтан әрбір азаматтың таңдауы маңызды әрі құнды.
Сайлауға қатысу – тек дауыс беру ғана емес, бұл өз Отаныңа деген жанашырлықтың, азаматтық жауапкершіліктің және ел болашағына деген сенімнің көрінісі. Белсенді қоғам ғана тұрақты даму мен игілікті өзгерістерге қол жеткізе алады.
23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз. Әрбір дауыс маңызды. Бірге әділетті, біртұтас әрі қуатты Қазақстанды қалыптастырайық!





