«Әншілер шайтанның азаншысы» деген ақсақал сынның астында қалды

Фото: Видеодан скрин жасалды

Бұл Жетісайда өткен той. Екі жастың өміріндегі ең маңызды күн. Ал мына кісі көпшілік алдына шығып тілек емес уағыз айтты.

Ер адам қазір тойларда арақ қойылмайтынын оң өзгеріс деп бағалады. Ал енді одан бөлек екі мәселені өзгерту керек дейді. Біріншісі, тойларда музыканы алып тастау. Екіншісі, әйелдер мен ерлерді бөлек отырғызу қажет. Оған қоса қария тойға келген әншілерді «шайтанның азаншысы» деп атады.

Бұдан бөлек, оның әйелдерді «ұрғашылар» деп атауы да қоғам сынына ұшырады. Желі қолданушылары мұндай сөздің орынсыз екенін, той – адамдарға ақыл-өсиет айтатын емес, ізгі тілек білдіретін орын екенін жарыса жазды.

Дереккөз. t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар