Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау ауылы дәл осыдан елу жыл алдын негізі қаланып, содан бері аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Нақтырақ айтар болсақ, өткен аптада әлімтаулықтар өздерінің елу жылдығын кең көлемде атап өтіп, аудан әкімі мен алыс-жақыннан келген ақ жағалыларды қонақ ретінде шақырды. Концерттік шара ұйымдастырылып, қазақы салт-дәстүр орындалды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрдәулет Жолбарыс, Марат Жолдас