Сарыағаш ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ауыл тұрғындары қаржылық сауатталығын арттыруда. Тегін оқыту аясында білім алған Тегісшіл ауылдық округінің тұрғындары арнайы сертификатқа ие болды. «Аmanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев қаржылық сауатын арттырған тегісшілдіктермен жүздесіп, сертификаттарын табыстады. Жиынға Халық Банкінің Түркістан облыстық филиал директорының орынбасары да қатысып, интернет- алаяқтық бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандардың айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта мектеп оқушыларымен жалғасып, қаржылық сауаттылықты арттыруды жасөспірім шақтан қалыптастыру көзделіп отыр.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Марат Жолдас