Құркелес ауылдық округінде ерекше балақай тұрады. Дәрігерлер қойған диагнозға қарамастан, білім алуға талпынып жүрген болашақ географ, дүние жүзі елдерінің әнұраны мен астанасын жаттауға құмар. Одан бөлек, Сарыағаш ауданының кішкентай тұрғыны қазақ зиялыларының аты-жөні мен бет-бейнесін түгел танитын көрінеді. Көпшілікті есте сақтау қабілетімен таңғалдырып жүрген Рамазан туралы тілшіміз айтып берсін.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Айдос Дәулет