Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қыз-келіншектер мен аналардың құшағы гүлге, жүзі нұрға толы болатыны мәлім. Бұл күн қоғамның негізгі қозғаушы күші саналатын – әйелдер қауымының арқалап жүрген жүгі мен атқарып жатқан еңбегіне аз да болса алғыс білдіруге таптырмас мүмкіндік. Дәл осындай нәзік жандыларға арналған керемет мерекелік кеш Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде де болып өтті. Аймақ басшысы Арман Абдуллаев бастап, ауыл әкімдері мен бөлім басшылары қостап, аруларға тосын сый жасады. Қандай екенін білгіңіз келсе, келесі сюжетті тамашалаңыз.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ерлан Сәрсенбеков