Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін ерекше мерекенің бірі – 8 наурыз! Бұл – әлемдегі нәзік жандардың ең жарқын мейрамы. Аталған дата бір ғасырдан астам уақыт бойы дүние жүзінің 80-нен астам елінде, сол секілді Қазақстанда да ерекше аталып келеді. Бұл күні әйелдерге зор құрметпен қарау, оларға айрықша ізет көрсету, лайықты деңгейде құттықтау дәстүрі жағымды әдетке айналды. Осы орайда, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ақ жаулықты аналарды қабылдап, ізгі тілегін білдірді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы