Келес ауданында әкімдердің халықпен есептік кездесулері ресми түрде басталды. Алғашқы басқосу Біртілек ауылдық округінде өтіп, тұрғындар көкейдегі мәселелерін ашық жеткізіп, ауылдың даму бағыттары талқыланды. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев соңғы жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды баяндап, биыл ауыл инфрақұрылымын жаңарту бойынша жоспарланған міндеттермен бөлісті.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Ережеп Тұрғынбайұлы




