Ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банк алдындағы несиелері өтелмеген. Одан бөлек, 102 млн қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алып, оны төлеуге қабілеті жетпей, қарызға белшесінен батуда. Әрине бұл көңіл қуантарлық жайт емес. Мұның барлығы азаматтардың қаржылай сауатсыздығынан туындап отыр. Бұқараның қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында бүгін Сарыағаш ауданында 5 ауданның ауылдық округ әкімдері арасында оқу-тренингі бастау алды. Бұл тренингке әкімдердің қандай қатысы бар? Тілші сюжетінде.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы