Сарыағаш аудандық орталық кітапханасында «Әке — отбасының тірегі» атты тағылымды кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты — отбасы институтындағы әкенің рөлін насихаттау, жастарға өнеге көрсету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Кездесуге аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, билер, мәслихат депутаттары және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Жиын барысында әкенің қоғамдағы және отбасындағы орны, оның жауапкершілігі мен беделі кеңінен талқыланды.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы