
Алматыда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасаған. Дәрігерлер шақыртуға барған кезде мас ер адам оларды пышақпен қарсы алып, қоқан-лоқы көрсеткен. Медицина қызметкерлері көлік ішіне кіріп, полиция шақырған.
Полиция мәліметінше, шабуыл жасаған адам науқастың ұлы болып шықты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


