«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарының тізімін жариялады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Астанада Айбек Дәдебайдың төрағалығымен «Әділет» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырыс барысында Бюро еліміздің бір палаталы парламентінде депутаттық мандатқа ие болған 110 кандидаттың тізімін бекітті. Тиісті шешім мен партиялық тізім Құрылтайдың бірінші шақырылымы депутаттарын ресми тіркеу үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Депутаттардың 37-сі әйел (33,6%), 13-і жас (11,8%), 2-еуі мүгедектігі бар азамат (1,8%). 21-і (19%) — өзге ұлт өкілі. Орташа жасы — 46,7 жас.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар