
2024 жылғы 28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталғанын хабарлайды, – satmedia.kz тілшісі ҚР ҰҚК-не сілтеме жасап.
Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде. Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған, – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда күдіктіге қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Дереккөз: ҚР ҰҚК