Бастауыштан басталған берік білім – болашақтың кепілі. Сарыағаш ауданындағы №67 Т.Тәжібаев атындағы мектепте өткен аудандық семинарда дәл осы қағида басты назарға алынды. Педагогтар оқушының тек білімін емес, ойлау қабілеті мен өмірлік дағдысын дамытуға бағытталған функционалдық сауаттылық тапсырмаларын ұсынды. Ауданның 40-қа жуық мектебінен жиналған ұстаздар тәжірибе алмасып, жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін талқылады.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Ережеп Тұрғынбайұлы





