
Несие бойынша ең жоғары сома – 50 миллион теңге. Ал бастапқы жарна 15%-дан басталады. Бағдарламаға қатысушылар арасында конкурс өткізілмейді. Қарыздар банкке қаражат түсуіне қарай беріледі.
Бағдарламаға қатысу үшін мына талаптарға сай болу қажет:
отбасының ай сайынғы табысы 1,25 миллион теңгеден аспауы керек;
сатып алынған немесе жөнделіп жатқан тұрғын үйде міндетті түрде тұру қажет;
соңғы алты айдағы төлем қабілетін растау керек.
Әйелдің атында басқа жылжымайтын мүліктің болуы жаңа үй алуға кедергі келтірмейді. Пәтерді елдің кез келген қаласынан сатып алуға болады.
Дереккөз: t.me/stankznews


