Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын анықтау және қолдау мақсатында бәсі биік байқау өтті. Аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен “Елге құрмет – тілге құрмет” атты байқауға барлығы 20-ға тарта жас қатысты. Ендеше мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеруге атсалысып жүрген түрі басқа болса да тілі, жаны қазақ болған жалынды жастардың сайысы туралы алдағы бейнематериалдан көрейік.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы