Қай қоғамда болсын отбасының ұйытқысы қашан да әйелге байланысты. Әсіресе, қазақы жанұяларда ене мен келін тақырыбына терең үңілген. «Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын» деген даналық та осыған саяды. Салиқалы ененің жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі ұғып-білген келінге өмір бойғы азық. Міне,осы орайда, Әлімтау ауылдық клубы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Үлгілі ене, ибалы келін» байқауы өткізілді. Сахнада да сәлемін үзбеген инабатты келіндер мен ардақты ененің сайысын, шаттығы шалқыған отбасылардың өнерін арна тілшісі де көріп қайтты.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Марат Жолдас