Үкімет отырысында пойыздардың кешігу мәселесі көтерілді

Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы мәселені көтерді. Азаматтардың теміржол көлігінің келу кестесін бұзғаны туралы өтініштерінің өскені байқалып отыр. Бұл туралы satmedia.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жағдай ерекше бақылауда екенін, ал кешігулер теміржолдарды ағымдағы жөндеуден туындағанын атап өтті.

«Бұл жағдай жолдарды жөндеумен және жолаушылардың қауіпсіздігімен байланысты. Соңғы 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы компанияның атқарып жатқан жұмысы туралы баяндады. Тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамту 85%-ды құрайды. Контейнерлік транзиттік тасымал тұрақты өсімді көрсетуде: 3 жыл ішінде жүк тасымалы көлемі 30%-ға өсті.

Дереккөз: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар