«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің жұлдызы өмірден өтті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

30 қаңтар күні АҚШ-та америкалық-канадалық танымал актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында қайтыс болды.

Актрисаның неден қайтыс болғаны нақты аталмады. Алайда сырқаттан көз жұмды деген ақпарат бар.

О’Хара ең алдымен “Үйде жалғыз қалғанда” фильмінде ұрылармен айқасқан Кевин есімді баланың анасы рөлімен танымал.

“Мама, біз әлі көп уақытты бірге өткіземіз деп ойладым. Мен көп нәрсені қаладым. Сенің жаныңда креслода отырғым келетін. Сені еститінмін. Саған көп нәрсе айтқым келеді. Мен сені жақсы көремін. Кейінірек кездесеміз”, – деп желіде жазба қалдырды актрисаның фильмдегі баласы актер Маколей Калкин.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp