
Аудан басшысы Жемісті жұртымен өткен есептік жиыннан кейін ауылдың тынысымен танысты. Халық тарапынан айтылған бірқатар проблеманы өзі бақылап, апатты жағдайдағы көпірдің жай-жапсарын анықтады. Одан соң, ауыл орталығынан салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмысына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген жер талапқа сай келмейтінін айтып, жауапты мамандардың жұмысын сынға алды.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Сағындық Ислам