Құлтума ауылында жаңа құрылыс нысаны бой көтеруде. Небәрі 2 ай ішінде қолданысқа берілетін медициналық бекеттің құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Басы ауырып, балтыры сыздай қалған тұрғындар енді алысқа барып әуре болмайды. Жаны жомарт жеке кәсіпкер ауыл тұрғындарына осындай қуаныш сыйлады. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Авторлар: Сымбат Бауыржанқызы, Асан Қазақбаев