Тегісшілдік кәсіпкер құлпынайдың шетелдік тұқымын ауданда жерсіндіріп, мол өнім алуда. Жазы аптап ыстық болатын өңірде құлпынай жидегін егуге көбі тәуекел ете қоймайды. Алайда ауыл шаруашылығы саласында біраз тәжірибе жинақтаған кәсіпкер Аширафи Шымбергеновтің құлпынай жидегін егіп жатқанына он жылға жуықтаған. Ерекше тоқталып өтетіні, жергілікті кәсіпкер бір реттік өнім беретін құлпынайдың шетелдік тұқымынан екі рет өнім алуды қолға алыпты. Қазіргі күні 23 га аумақты қамтитын шаруашылыққа шетелдіктер де қызығушылық танытып отыр.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Марат Жолдас