Қытай компаниялары Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салуға қызығушылық танытуда

Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қызығушылық білдірген қытайлық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – ҚХР нарығында жоғары сұранысқа ие отандық жылқы тұқымдарын экспорттау мәселесі болды.

«Бүгінгі кездесу – мал шаруашылығы мен жалпы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам. Біздің жылқы тұқымдарымызға деген қызығушылық жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деп атап өтті вице-министр.

Тараптар ветеринариялық бақылау мен карантинге арналған инфрақұрылымды құру мәселелеріне ерекше назар аударды. Қытайлық инвесторлар Қазақстан аумағында ветеринариялық зертхана ашу ниетін білдірді.

Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар