«Қытайдан алдамыз»: Трамп АҚШ-тың ЖИ саласындағы басымдығын сақтап қалғысы келеді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ жасанды интеллектіні дамыту жағынан Қытайдан алда келеді және бұл қарқынды сақтап қалу қажет. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп айтты.

«Қазір ЖИ саласында Қытайдан алда келеміз деп айта аламын (…). Оның осылай жалғасқанын қалаймын, себебі ЖИ бәйгесінде кім озып шықса, өзге салада да мерейі үстем болады», – деді Ақ үй басшысы Ирландия журналистеріне берген сұхбатында. 

Осы аптада АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жасанды интеллект әзірлеушілері бұл технологияның адамзатқа ықтимал қаупі туралы ескерткен болатын. Трамптың мәлімдемесі бұған жауап ретінде айтылды. Ақ үй басшысы ЖИ саласына адамды қатерден қорғайтын шектеулер енгізуге қарсы емес екенін жеткізді. Оның пікірінше, ЖИ-ге қатысты мұндай қауіптер ойдан шығарылған болуы да мүмкін.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар