Сарыағаш ауданы әкімдігінде жергілікті полиция қызметі бастығының ағымдағы жылдың 8 айында аудан аумағында құқықбұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстары жайлы есебі тыңдалды. Аймақ басшысы және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, қоғам белсенділері қатысқан жиында бірқатар ұсыныстар жеткізіліп, көтерілген проблемалар құзырлы орган тарапынан бақылауға алынатыны айтылды. Баяндамашы соңғы 8 ай көлемінде ауданда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағытында жүргізілген іс-шараларды атап өтіп, уәкілетті орган қызметкерлерінің ілкімді жұмысын саралай жеткізді.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Ережеп Тұрғынбайұлы