Отбасы тәлім-тәрбиесіне ел тағдыры, халық болашағы байланысты. Оның ішінде қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Халқымызда “Қыз – қылығымен көрікті” деген мақал үрдісі қалыптасқан. Осыдан қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана емес, бүкіл ауыл, ел-жұрт тікелей атсалысқан. Осыған байланысты Сарыағаш ауданына қарасты №12 колледжде «Қыз тағдыры – ұлт тағдыры» атты іс-шара аталып өтті. Толығырақ, тілші материалында.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Ерлан Сәрсенбеков