Қызылжарлық Ұлбосын Адилова самбодан Азия чемпионы атанды. Астана қаласында 5-11 маусым аралығында өткен Чемпионатта 80 келі салмақта бағын сынаған ол, қарсыластарын алып та шалып та жығып ел мерейін тағы да асқақтатты. Ел қоржынын алғаш болып алтынмен майлаған, жүрегінде намыс оты ұшқындаған Ұлбосын туралы алдағы сюжеттен көрейік.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы