Сарыағаш қаласының тұрғындары қоқысқа 7 млн тг қарыз. Барлығы деуден аулақпыз, әрине. Десе де соңғы екі айда мердігер мекемеге төлем жасамаған азаматтардың салдарынан қала аумағында тазалық мәселесі тағы да тұралайын деп тұр. Бұл мәліметтерді ауданның ел ағалары мен мердігер мекеме өкілдері растап отыр. Айта кетейік, қыркүйек айынан бастап жаңа компания тазалық жұмыстарын мойнына алған еді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас