
Қорғалжындағы көлдерге 40 млн текше метр су бағытталды, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
— Су нысандарын сарқылу мен ластанудан қорғау — шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етумен қатар, жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Министрлік экологияға зиян келтірмей, ауыл шаруашылығы алқаптарына судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету үшін үлкен күш жұмсауда. Су үнемдеу технологиялары мен заманауи су есептеу құралдарын енгізу экономика мен қоршаған ортаның қажеттіліктері арасындағы теңгерімді сақтай отырып, суды тиімді бөлуге мүмкіндік береді, — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


