Өткен жылы Сарыағашта 340 млн тг қосымша құн салығы өндірілген. Биылдан бастап Салық кодексіне біршама өзгерістер енді. Соның ішінде қосымша құн салығы едәуір артып 16 пайызға жетті. Ал енді жыл басынан бері 763 млн тг қаражат қазынаға құйылған. Өсім байқалады. Одан бөлек аталған тармақ бойыншада бірқатар өзгерістер бар. Айыппұл, ескерту тіпті кәсіпкердің шоттарын бұғаттау бойыншада орын алған жаңалықтарды салық мамандары жеткізді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас





