
Қостанай облысында 19 ауыл шаруашылығы субъектісі арнайы рұқсатсыз су пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокурорлық тексеру нәтижесінде оларға жалпы сомасы 5,2 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы өңірдегі прокуратура мәлім етті.
Құзырлы органның мәліметінше, су ресурстары тапшылығының артуы жағдайында оларды ұтымды пайдалану және сақтау мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр.
— Кәсіпорындардың бірі бірнеше жыл бойы тұрақты суаруды қажет ететін картоп, бақша және көкөніс дақылдарын өсірумен айналысқан. Тек 2025 жылдың өзінде картоп егілген алқаптың көлемі 70 гектарды құраған. Алайда кәсіпорын бассейндік су инспекциясының тиісті рұқсатынсыз су пайдалануды жүзеге асырған, — делінген хабарламада.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


