Қаңғыбас иттен қауіп көп

Play Video

Қыс мезгілінде біліне бермес, алайда, күн жылытып, жер көктегенде құтырумен қатарласып талай ауру өршуі мүмкін. Айтпағымыз, қаңғыбас иттен қауіп көп. Түрлі індетті тасуымен қоймай, өзі тажалға ілігіп, тісі тиген тұстың бәрін ылаңдайды бұлар. Енді, осыншама олқылыққа қарап отыруға болмас, жеделтетіп шара көру қажет. Осыны ескерген біздің арнаның түсірілім тобы қоқысты ақтарған иттерді түсіріп алды.

Қаңғыбас иттің көп жүретін жері, әрине, қоқыстың ортасы. Осы арадан талғажау ететін дүние тапса керек. Алайда, бұл жерден аспен бірге ауруды да арқалап алып жүргендері кездеседі. Өздеріңіз көріп отырған мына бір төбет қоқыстан шыққан жүнді жұлмалап жүр. Былтырғы 2020 жылдың өзінде 3000-нан аса қаңғыбас иттің көзі жойылған екен. Десе де, бұлардың саны сейілмей тұр.

Абылайхан Сәрсенов, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы ветеринариялық қызметінің рабиолог дәрігері

Маманның сөзіне сүйенсек, көше кезген иттердің саны азаймай тұрғанына адамдардың өздері кінәлі. Себебі төбеттерін қараусыз қалдырып, нәтижесінде ит тойған жерін паналайды.  Сонымен елді мекен ішін шарлағандары қаңғыбас боп танылады екен. Ал, қала аумағында апта сайын, округтерде айына бір рет өткізілетін аулау жұмыстарында қолға түскен иттер уақытша ұстау орнына жеткізілетін көрінеді.

Абылайхан Сәрсенов, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы ветеринариялық қызметінің рабиолог дәрігері

Маманның тағы бір халыққа айтпағы, осы уақытқа дейінгі өткізілген рейдтік жұмыстар нәтижесінде иесі бар және асыл тұқымды иттердің көзі жойылып кеткен жағдайлары кездескен. Ал, жылдық жоспар бекітілді, алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыс барысымен танысатын боламыз.

Мейірхан Бақытжанұлы, Ерлан Сәрсенбеков, Айдос Дәулет

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар