
2026 жылғы 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Сарыағаш ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтарды алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз аула» жедел – профилактикалық іс – шарасы өткізілетін болады.
Іс шара барысында полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің аулаларында, көп қабатты үйлерде және қоғамдық орындарда профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен




