
Президент Қытай бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстелде» Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел ынтымақтастығы жаңа «алтын отыз жылдық» кезеңіне аяқ басқанын айтты.
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 30 млрд доллардан асқанын, екіжақты сауда көлемі 49 млрд долларға жеткенін жеткізді. Бүгінде елімізде қытай капиталының қатысуымен 8,5 мыңнан астам кәсіпорынжұмыс істейді.
Президент газ-химия, агроөнеркәсіп, мақта-тоқыма және автокөлік өндірісі салаларындағы бірлескен жобалардың табысты жүзеге асырылып жатқанын айтып, инновациялық және өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық трансформация, жасанды интеллект, Data Center Valley, көлік-логистика, маңызды минералдар, AgriTech және Алатау қаласын дамыту бағыттарын Қазақстан–Қытай ынтымақтастығының басым бағыттары ретінде атады.
Президент Қазақстанның қытайлық инвесторлар үшін қолайлы бизнес орта қалыптастыруды жалғастыратынын айтып, жаңа технологиялар, ғылыми зерттеулер және жоғары қосылған құны бар өндірістерді бірлесіп дамытуға шақырды.
Дереккөз: 24kz


