Өздеріңізге мәлім, «Amanat» партиясының бастамасымен, Халық банкінің демеушілігімен ауданымызда «Қарызсыз қоғам» атты әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Ондағы басты мақсат – тұрғындардың қаржылық сауатын ашатын дәрістер ұйымдастырып, білікті лекторлардың көмегімен азаматтарға сапалы білім беру. Егер сіз де дәл осындай мақсаттағы курсқа қатысып, ақшаны қалай үнемдеуді және жинауды үйренгіңіз келсе, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша әкімдікке жүгіне аласыз.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Сағындық Ислам