Қазақ қашан да ардагерін ардақтап, қарттарын қадір тұтқан халық. Қазіргі таңда өкінішке қарай, жалғызбасты немесе ұл-қыздары бар қарияларымыз қара шаңырақты емес қарттар үйін пана етіп жүрген жайы бар. Қарияларымыздың хал-жағдайын білу мақсатында түсірілім тобымызбен Түркістан облыстық №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барған болатынбыз. Онда сарыағаштық 10 қария қызмет алуда.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Асан Қазақбаев