Науқастар сандалып жүр. Бұған себеп – жекеменшік клиникалардың азаматтарды жеке рұқсатынсыз өздеріне тіркеп алулары. Аталған мәселе прокурор алдында көтерілді. Анығын айтқанда, Сарыағаш ауданында әр ауылдық округте прокурор қабылдауы өтуде. Кезекті тыңдалым Тегісшіл ауылдық округінде жалғасты. Онда тұрғындар ауыз су мәселесі, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік маңызы бар жайттарды көтерді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрдәулет Жолбарыс