Өздеріңізге белгілі, қыс ортасында қысқан қатты аяз кезінде Абай ауылында бір тұрғын үй өрт құрсауында қалған еді. Енді, міне, көктем шыға бергенде Келес ауданында тағы бір үй тілсіз жаудың шырмауында күлге айналды. Қауыншы елді мекенінде 160 шаршы метрлік үлкен шаңырақтың түгі қалмай жанып кетті. Үлкен шаңырақ дейтіндей бар, күні бүгінге дейін аталған баспанада 9 адам өмір сүріп келген. Ал енді олар аядай ғана екі бөлмеде күнелтуге мәжбүр.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы