Елімізде қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар аясында саялы Сарыағашымызда қайтарымсыз грант жүзеге асып келеді. Сала мамандарының сөзінше, қарапайым тұрғындар үшін игі бастаманың тиімділігі мол. Өйткені, бұл жобаға тек жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ғана қатыса алады. Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев қайтарымсыз грант алғандардың үйлеріне арнайы ат басын бұрды. Жеке кәсіп ашып, тасын өрге домалатып отырғандар жайында Фариза Мүсілім жалғайды.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Ережеп Тұрғынбайұлы