Тұрғындардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын көтеру және одан әрі жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар іске асырылуда. Мәселен, атаулы әлеуметтік көмек. «Кәсіпкер боламын деушілерді оқытып, оларға қайтарымсыз грант берілуде. Мұның барлығы мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығы. Сондықтан да мемлекеттің қолдауын тиімді пайдаланып, қолға түскен қаржыны мақсатты жұмсау керек». Осылай деген Сарыағаш аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашова қоғамдық қабылдау өткізді.
Авторлар: Қуаныш Құлмырзаев, Ережеп Тұрғынбайұлы