ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЗ-НАУРЫЗ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР ДӘРІПТЕЛДІ

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазығұрт асуында орналасқан «Нұх Пайғамбар» мемориалдық кешенінде жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында «Ұлттық киімдер шеруі» салтанатты түрде өтті.

Тағылымы мол шара барысында ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың ұлттық киімдері кеңінен насихатталып, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ұлттық нақыштағы киімдермен көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған көрме ұйымдастырылып, ұлттық тағамдарға толы ақ дастархан жайылды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Берекелі дастархан басында ақсақалдар ақ батасын беріп, жастар жағы әуелете ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл көрініс ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың өміршеңдігін айқын көрсетті.

Ұлттық киім – жай ғана мата мен оюдың үйлесімі емес. Ол – ата-бабадан қалған асыл мұра, халқымыздың терең тарихы мен бай мәдениетінің көрінісі. Әрбір ою-өрнек пен әрбір киім үлгісінде ұлттың рухы мен болмысы жатыр.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp