Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 алтын жеңіп алды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстан конькишілері жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы 2 алтын медаль еншіледі.

Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан біріншілікте Варвара Глухова, Анастасия Беловодова және Кристина Шумекова командалық спринтте топ жарды. Ал Вадим Чебардаков ерлер арасындағы масс-стартта мәреге бірінші болып жетті.

Бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықта, сондай-ақ көпсайыста алтын медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар ол 3000 метрде, күміс жүлдеге ие болды.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp