
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Түрікменстанның ресми делегациясын қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның ДСҰ-на кіру жолындағы практикалық тәжірибесімен, институционалдық және заңнамалық реформалармен таныстырылды.
Құрамында Министрлер кабинеті, Орталық банк, Парламент және салалық ведомстволардың өкілдері бар түрікмен делегациясына Ылхам Ярашов жетекшілік етті.
ДСҰ-мен жұмыс жүргізу, сауда рәсімдерін жеңілдету, өңірлік ынтымақтастық пен халықаралық сауда жүйесіне қосылу мәселелері талқыланды. Қазақстан тарапынан келіссөздерге қатысқан жетекші мамандар, сондай-ақ «QazTrade» өкілдері өз тәжірибесімен бөлісті.
Сапар аясында делегация АХҚО-да да болды. Түрікмен тарапы Қазақстанның тәжірибесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы диалогтың өңірлік сауда ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.
Дереккөз: ҚР Сауда және интеграция министрлігі