Қазақстан Сыртқы істер министрі Моңғолияға ресми сапармен барды

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Моңғол тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияға ресми сапармен барды.

Сапар аясында Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен кездесу өтті. Тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Жоғары деңгейдегі саяси диалогтың қарқынды дамып келе жатқанына, сондай-ақ үкіметаралық және парламентаралық байланыстардың белсенділігіне назар аударылды.

«Бүгінде қазақ-моңғол қатынастары үлгілі достық сипатқа ие. Арамызда шешілмеген мәселелер жоқ. Бұл – біз үшін сенім мен орнықты дамуды нығайтуға пайдалануға болатын құндылық», – деді М.Нұртлеу.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар