Қазақстан Мәскеуде өткен халықаралық форумда денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерін таныстырды

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәскеуде өткен халықаралық форумға қатысып, отандық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жетістіктері мен даму басымдықтарын таныстырды.

«Қоғамдық денсаулықты нығайту бойынша елдік және өңірлік үздік практикалар» атты пленарлық отырыста сөз сөйлеген ол Қазақстан медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, заманауи технологияларды енгізу және профилактиканы күшейту бағытын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.

Пленарлық сессияға сондай-ақ Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко, Египет Денсаулық сақтау министрі Халед Абдель Гаффар, Беларусь пен Тәжікстан өкілдері, сондай-ақ Мәскеу қаласы мен Ресей өңірлерінің басшылығы қатысты.

Қазақстан ұсынған негізгі бағыттардың бірі – жоғары технологиялық медицинаны дамыту. Елде роботтандырылған хирургия енгізіліп, протондық терапияны қоса алғанда, емдеудің инновациялық әдістерін қолдану кеңейтілуде.

Жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулармен күреске ерекше назар аударылуда. Қазақстанда инсульт орталықтарымен 100% қамту қамтамасыз етілген, жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізілуде, онкологиялық орталықтар желісі кеңейтілуде.

Басым бағыттардың қатарында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту да бар. «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасын іске асыру дәрігерлерге қолжетімділікті арттырып, профилактикалық тексерулермен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, елде қауіп факторларын төмендету шараларын қоса алғанда, салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары күшейтілуде.

Тимур Сұлтанғазиев атап өткендей, Қазақстан алдағы уақытта да инновацияларды енгізу мен профилактикалық бағытты нығайтуды жалғастырады.

Форумға қатысу Қазақстанның үздік практикаларын халықаралық қауымдастыққа таныстыруға және денсаулық сақтау жүйелерін дамыту бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар