
Әуе тасымалдаушылары үшін тұрақты жолаушылар рейстерінің саны аптасына 124-тен 152-ге дейін артады.
Сондай-ақ Қазақстанмен рейстерді орындау үшін Қытайдағы ірі пункттердің тізбесі Қытайдың ірі көлік-логистикалық және өнеркәсіптік орталықтарының бірі – Чунцин қаласын қоса алғанда, 11 қалаға жеткізілді.
Бұдан бөлек, Астана мен Шанхай қалалары арасында, оның ішінде қытайлық әуе компаниялары орындайтын тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасында үшінші халықаралық әуе дәлізін құру мәселелері талқыланды.
Дереккөз: 24kz


