
Қырғыз тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстанға ресми сапармен барды.
Сапар аясында М.Нұртілеу Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қабылдауында болды.
Қырғызстан басшысы екіжақты форматтағы одақтастық байланыстар мен стратегиялық серіктестіктің тереңдеп келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, көпжақты алаңдардағы қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дәстүрлі жоғары деңгейін ерекше атап өтті.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі