Қазақстан мен Финляндия ЕКПА шеңберінде парламентаралық ынтымақтастық пен серіктестікті нығайтуда

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы Финляндия делегациясының төрайымы, Финляндия Парламентінің депутаты Миапетра Кумпула-Натримен кездесті.

Кездесу барысында тараптар парламентаралық диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық, білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, құқық үстемдігі, сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының маңызды аспектілері туралы айтып берді.

Фин депутаты Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалап, олардың елдің ішкі дамуы және халықаралық контексте де маңыздылығын атап өтті.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар