
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан-Марокко парламентаралық достық тобының төрағасы, Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының Қаржы және экономикалық даму комитетінің мүшесі Абделқадер Тахармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келуін қошеметтеп, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Екі ел парламент төрағаларының саяси диалогын дамыту және олардың өзара сапарларын ұйымдастыру үшін маңызды қадам ретінде Қазақстан мен Марокко парламенттері арасында достық тобының кезекті отырысын Астанада өткізу жөнінде сөз қозғалды.
А. Тахар ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Мароккоға ресми сапарының нәтижелерін жоғары бағалап, 2025 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық төлқұжаттардың иелері үшін визасыз режим туралы келісім күшіне енуімен екі бауырлас ел арасында байланыстарға жаңа серпін беретіндігіне назар аударды.
Дереккөз: Ақорда